"Экономикадағы басты салалардың одан әрі дамуы тұжырымдамалық негізде құрылуы керек", - деп атап өтті ШҚО әкімі Жәнібек Кәрібжанов салалық мемлекеттік органдардың жетекшілерімен өткен жиынында.
"Облыстың аграрлық секторының басты басымдықтарына ауыл шаруашылық өнімдерін қайта терең өңдеу және оның даму деңгейін көтеру болып табылады ", - деп хабарлады Ж.Кәрібжанов.
Ол атап өткеніндей, осы мақсатпен 2007 жылы саланың техникалық және технологиялық құрал-жабдықтары жаңартылып, селекция мен тұқымдық, асыл тұқымды малдарды өсіру қалпына келтіріле бастады. "Қосымша асыл тұқымды 6 мал шаруашылығы, 5 тұқымдық шаруашылық, жасанды жолмен малдарды тұқымдандырудың 69 пункті, 45 жемдеу алаңы, 9 сүт-өнім фермасы, 17 суды пайдаланатын ауылдық тұтыну кооперативі құрылды. Сондай-ақ, 13 көлік-техникалық стансасы құрылып, 9 дайындау-сату кооперативі, 6 мал сою пункті ашылды. 22 өңдеу өндірісіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп құрылды ", -деп құлағдар етті облыс әкімі. Сонымен бірге бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады деп ескертті.
"Сонымен қатар, қосымша көлік-технологиялық станцияларын құру мүмкіндігі қарастырылып, ауылдық кәсіби-техникалық мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту жөнінде ұсыныстары дайындалуы керек", -деп атап өтті аймақтың басшысы.
Баспасөз қызметінде хабарлағанындай, "аймақтық агроөнеркәсіп кешенінің даму бағытының басымдықтары бойынша шаралары биылғы жылдың қаңтар айының соңғы он күндігіне жоспарланған".