ШҚО әкімдігі үлесі барлардың құқығын қорғау шараларын қолға алады

"Облыс бойынша, бүгінде құрылысы аяқталмаған 10 коммерциялық нысана бар болса, бес тұрғын үй үлес қосқандардың есебінде", - деп хабарлады А.Бергенев.

"Мемлекеттік қолдау құрылысы аяқталған нысандарға көрсетілмейтінін ескеретін болсақ, алдын ала мәліметтер бойынша, 5 тұрғын үйдің 3 -не мемлекет тарапынан қолдау жасалу керек. Олар 75 % тұрғызылған 10 қабатты үйге қосымша 134,7 млн теңге, Красин көшесіндегі 72 % дайын 9 қабатты баспанаға қосымша 203 млн тенге қажет. Сондай-ақ, Семейде Шәкәрім даңғылында дайындығы 40% 188 пәтерлік тұрғын үйге қосымша 819,2 млн теңге керек ", - деді А.Бергенев.

А.Бергенев берген ақпарат бойынша, бұл мәселені шешу үшін 2008 жылы облыстық бюджеттен 837 млн теңге бөлу қарастырылды.

"Жуырда, қаржы мөлшерін анықтап, мемлекеттік қолдау көрсетілуге тиіс нысандар тізімін жасайтын жұмыс тобы анықталады", - деп атап өтті А.Бергенев.

Барлық мәліметтер облыс әкімдігі жанындағы комиссиясымен бекітіліп, бұл шараны орындау үшін облыстық бөлімшелер қатарынан құрылған уәкілетті органға тапсырылады.

"Құрылыс аяқталып, үлесшілер алдындағы қарыз өтелгеннен кейін, қалған баспана уәкілетті органның қарамағына беріледі, олар өздерінің қарауына қарай пәтерлерді нарықтық бағамен сатады немесе коммуналдық жеке меншікке тапсыратын болады ", - деп түсіндірді ШҚО әкімінің бірінші орынбасары.

А.Бергенев айтқанындай, үкімет деңгейінде 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын- үй бағдарламасына, жалға берілетін баспананы салу және инфрақұрылымды дамытуға мемлекеттік қаржыны жинақтау мәселесі бойынша өзгерістер енгізілетін болады.