ШҚО әкімі ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді несиелеуге бөлінген қаражатты игеру қарқынына көңілі толмай отыр

Ә. Бергеновтың хабарлауынша, облыстық бюджет қаражаты есебінен биылғы жылы 550 млн теңге несиелік қаражат бөлу қарастырылған. Одан аудан орталықтарындағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобаларын несиелеуге 208 млн теңге, Семей мен Өскемен қалаларының айналасында "сүт және ет" шеңберін құру үшін ет-сүт фермалары мен жайылымдарды ұйымдастыруға - 92 млн теңге, көкөніс қоймаларын жөндеуге - 50 млн теңге және ауыл шаруашылық тауарларын өндіру мен өңдеуге - 200 млн теңге қарастырылған.