ШҚО әкімі мен ҚР-дағы Корея Республикасының Елшісі әріптестік мәселесін талқылады

Осы сапар барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов елшімен кездесті. Кездесу барысында түрлі экономикалық және әлеуметтік саладағы екіжақты әріптестік мәселесі талқыланды.

Өңір басшысы облыстың экономикалық әлеуетін қысқаша таныстырып өтті. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы Корея Республикасымен өндіріс, құрылыс, медицина, ауыл шаруашылығы сынды бірнеше сала бойынша бірлесе жұмыс істейтіні айтылды. Әр сала бойынша жұмысты жандандыра түсіп, ұзақмерзімді келісім жасасуға мүмкіндік бар.

Чо Ёнгчон өз кезегінде екіжақты ықпалдастықты арттыру үшін бар күшін салатынын айтты.