ШҚО әкімі Өскемен қаласы аудандарында тұрғын үй салу қарқынына көңілі толмайтынын білдірді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылы облыста тұрғын үй құрылысына 4325,7 млн теңге инвестиция жұмсалған. Жыл басынан бері 129 229 шаршы метр тұрғын үй, соның ішінде 118 280 шаршы метр пайдалы алаңдар пайдалануға берілген. Бұл 2007 жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда тиісінше 47,2% және 36,9% артық. Баспананың басым бөлігі (40%) Өскеменде салынған.

Осы аптада 2009 жылға арналған облыстық бюджет қаралады. Осыған байланысты Ә. Бергенев қала басшылығын "қаржыландыру жоспарына техника-экономикалық негіздемесі бар, мемлекеттік сараптамадан өткен нысандар ғана қамтылатындығын" айтып ескертті.