"Облыс әкімі Жәнібек Кәрібжановтың ұсынысымен құрылған арнайы жұмыс тобы Өскемен, Семей бойынша жер заңнамасының бұзылғандығын анықтап, бүгін оны жою қорытындыларына арналған шұғыл алқа жиналысы өткізілді.
Облыс әкімі бұл мәселені қарастырудың уақытын созып, негізсіз ұстанымға байланып отырған кейбір мемлекеттік органдардың жұмысына байланысты сын айтты", -деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Әкімдіктің хабарлағанындай, 2007 жылдың тамыз айында аймақ басшысының бұйрығымен Семей, Өскеменде құрылыс үшін бөлінетін жер учаскелерін беру кезінде заң бұзушылықтарға жол берілгендігі жөнінде азаматтар тарапынан келіп түскен шағымдарды жан-жақты уақытылы тексеретін жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобына облыс әкімінің орынбасары Иван Белехин жетекшілік жасауда.
"Тапсырмаға сәйкес, жоғарыда көрсетілген қала әкімдері және жер учаскелерін бөлу ісіне қатысатын барлық бақылау қызметтері жұмыс тобына жер учаскелерін таңдау және зерттеу актілері бойынша түсініктемелерін тапсырды. Жұмыс тобы Өскемен және Семейдегі 33 нысан бойынша анықтаған заң бұзушылықтарды жоюға қатысты шараларды дайындап, тиісті қорытындыларды шығарды", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Ведомствода атап өткеніндей, заң бұзушылықтардың басым бөлігі жер учаскелерінің негізсіз берілуіне , тиісті тексеру органдары инспекторларының жасаған қорытындыларының жоқтығымен және мемлекеттік құрылымдар тарапынан жерді бөлу жөнінде келісімдерін формальды түрде беріп отырғанына байланысты болған.
"Бірқатар нысандар бойынша сот шешімдері арыз берушілердің пайдасына шешілді", -деп хабарлады әкімдікте.
Жиналыстың соңында облыс әкімі әрбір заң бұзушылыққа қатысты деректі айқындап, оларды жою үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырды, деп атап өтті баспасөз қызметі.