Жарыстың алғашқы күнінде Тарбағатай, Абай, Бородулиха өкілдері көкпардан күш сынасты. Бұл күні сонымен бірге Зыряновск, Тарбағатай, Ұлан, Глубокое, Көкпекті, Зайсан, Бесқарағай аудандары мен Өскемен қаласының құрамалары волейболдан бақтарын сынап көрді. Келесі күні Ұлан Құршым, Тарбағатай - Глубокое, Көкпекті- Зайсан, Өскемен-Бесқарағай, Зырянов-Күршім командалары бәсекеге түсті.
Шара аясында футбол ойындары да ұйымдастырылды. Бүгінге дейін Семей-Ұлан, Өскемен-Аягөз және Зайсан-Үржар құрамалары өзара мықтыларын анықтады.
Футбол ойындарының алғашқы күнінде ұландықтардың бағы жанып, қарсыластарын 4:1 есебімен ұтты. Зайсан өкілдері Үржар құрамасынан басым түсті.
Өскемендіктер мен Абай ойыншылары 4:1 есебімен облыс орталығы құрамасының пайдасына шешілді.
Спорт және дене тәрбиесі басқармасының хабарлауынша, жалпы сынға 22 спорт түрі бойынша 19 құраманың 1600 спортшысы қатысты.