ШҚО апта ішінде өткір респираторлық вирусты инфекция дертінің деңгейі 8,5% құрады

"Облыс бойынша 30 қаңтар мен 5 ақпан аралығында өткір респираторлық вирусты инфекциясы туындаған 6016 оқиға тіркелді. Өткен аптадағы көрсеткіштерімен салыстырғанда дерт көлемінің деңгейі 8,5% өсті", деп хабарлады департаментте.

Жалпы ауруға шалдыққандардың 56,1 % (3373 оқиға) 14 жасқа дейінге балалар. Апта ішінде 128 адам ауруханаға жатқызылды.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпараты бойынша бір аптаның ішінде тұмауға шалдыққан 12 оқиға тіркелді. "Эпидемиологиялық жағдай ушыққаннан бері 22 ауру тіркелді. Оларды зерттеу кезінде кезінде 15 В типтес тұмауы, 3 -А1, 3-А3, 1 MIX(А3+В) анықталды", - деді мамандар.

Ведомствода атап өткеніндей, "тұмаудан алдын- ала қорғанып, дәрі еккендер арасынан дертке шалдыққандар анықталмады".