ШҚО: Дегелең стансасында 19 жүк вагоны рельстен шығып кетті (ФОТО)


Тауарлық құрам 60 вагоннан тұрған. Апат салдарынан бірнеше пойыз, атап айтқанда, Семей стансасында «Защита-Астана» жолаушылар пойызы, «Семей-Павлодар» бағытындағы екі жүк пойызы өз кестелерінен бір сағаттан артық уақытқа бөгелді. Дегелең стансасында «Дегелең-Семей» бағытында жүрген көмір тиелген үш жүк пойызы кешіктірілді. 

Оқиға орнында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сағат 09:20-де Семейден «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалынан 13 адам мен 5 техника (2 кран: ЕДК-300/2, ЕДК-1000/2; 2 трактор; 1 № 29 жөндейтін-реттейтін пойыз) жіберілді.

Сағат 12:30-дағы жағдай бойынша аталған оқиға пойыздардың қатынауын 1 сағаттан артық уақытқа кешіктірді. Ал сағат 17:58-де апат салдарын жою жұмыстары аяқталды.