ТЖМ мәліметтері бойынша, Шемонайха қаласында (ШҚО) 28 сәуірде 20 сағат 30 минутта Уба өзені жағалауында "Тойота " көлігі бөгеннен шығып кетіп өзенге құлаған. Соның салдарынан көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы өзенге батып кеткен.
Баспасөз қызметі хабарлағанындай, " Тойота" көлігі жүргізушісінің мәйіті 29 сәуірде 13 сағат 40 минутта судан құтқару қызметінің күшімен шығарылды. Қазіргі уақытта суға батып кеткен жолаушының мәйіті іздестірілуде.