Ұлан ауданының ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы Амангелді Серғазыұлының агенттік тілшісіне түсіндіргеніндей, "ауыл шаруашылық кластері ауыл шаруашылығына қосымша дотацияны тартып, өнімнің бәсекелестігін арттырады. Бұл агроөндірістегі алдыңғы қатарлы жобалардың бірі".
А. Серғазыұлы атап өткеніндей, "Орташа және ірі шаруашылықтарға етке және асыл тұқымды мал төлдерін сатуға субсидия ретінде көмек берілуде. Биыл республикалық бюджеттен ауданда асыл тұқымды мал өсіруге 340 млн теңге бөлінді".
Департаменттің ақпараты бойынша, ШҚО Ұлан ауданында жаңа құрылымға 4 шағын шаруашылық кірді."Кластер мүшелерінің әрқайсысында өзінінің бағыт-бағдары бар", - деді департаменттегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті