Баспасөз қызметінің атап көрсеткеніндей, электр энергиясының тасымал ақысының төленбеуіне байланысты қолданылған шектеулер 2008 жылдың 26 маусымына дейін тоқтатылды. "KEGOC" АҚ келіссөздер нәтижесінде және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ықпал етуімен осындай нәтижеге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта "Шығысэнерготрейд" ЖШС "KEGOC" АҚ алдындағы қарызын қайтару шараларының жоспарын жасауда.