ШҚО көлік тас жолдарында қозғалыс жанданды

"Бүгін сағат 6.00 Өскемен-Шемонайха бағытындағы халықаралық жол ашылды. Сағат 8.00 көлік қозғалысы облыстың басқа жолдарында басталды. Қазір барлық бағыттарда жол тораптары ашылды. Алайда, жолдардың қайта жабылып қалуы жәйі де жоқ емес ", - деп құлағдар етті ШҚО ТЖД.

ШҚО гидрометеорологиялық орталығының деректері бойынша, бүгін желдің бағыты өзгеріп, оның жылдамдығы секундына 10 метр. Алайда, қар жауып, ауа-райының бұзылуы әбден мүмкін.