Департаментке Е.есімді азамат арызданып, салық басқармасының басшысы әкімшілік жауапкершілікке «тартпау», одан ары оның қызметін «тексермеу» және оған қолдау көрсетуі үшін пара сұрағанын айтып арызданған. Тексеру барысында бұл факт расталды, оның үстіне жемқор пара алу үстінде ұсталды. ҚР ҚК 311-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сот санкциясымен ол қамауға алынды.