"Тосын оқиға "Қазцинк"АҚ Зырыновскінің тау-кен байыту комбинатының Малевский кенішінде орын алды. Вагондарды бір бірімен тіркеу кезінде электровоз машинисінің 22 жасар көмекшісі аударылатын вагондардың арасында қысылып қалған", - деді баспасөз қызметі.
Зардап шеккен бас гематомасын алған. "Дәрігерлер бұл жарақаттан кейін адам өмір сүре алмайды деген. Жұмысшы оқиға болған жерде, есіне кірмей жатып көз жұмды", - деп хабарлады ІІД.