ШҚО: мектеп директоры жазаға тартылды

Тексеріс барысында белгілі болғандай, қазан айында мектеп директоры «Білім туралы» заңды бұза отырып, әлеуметтік мұғалім қызметіне мектептің шаруашылық меңгерушісі К. Қайсанованы қабылдаған. Онда сол кезге тиісті педагогикалық мамандығы болмаған.

Одан басқа, 2009 жылдың ақпан айынан шаруашылық меңгерушісі 0,5 ставкалы сыпырушы айлығын алып отырғанымен, іс жүзінде ол бұл жұмысты атқармаған.

«Ол 2009 ақпаны мен 2010 қазан айы аралығында барлығы 149,9 мың теңге жалақы алған», - дейді прокуратурадан.

«Көкпекті аудандық білім беру басқармасының бастығының бұйрығымен мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бюджетке 149,9 мың теңге қайтарылды», - деп прокуратурадан хабарлады.