ШҚО Мелеев кенішінің шахтасында өрт болды


Өрт сағат 02.20-да сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 3 техникасы, ҚР ТЖМ Әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағының 23 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 20 шаршы метрді құрады. Технологиялық үдеріс тоқтаған жоқ, адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру қажет болмады. Өрт орын алған кезде шахтаның ішінде 199 адам болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.