ШҚО оқушысы Оңтүстік Кореяда халықаралық конкурстың грантың жеңіп алды

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Облыстық ғылыми конкурстарының бірнеше мәрте  жеңімпазы, Бесқарағай ауданы Борас орта мектеп-бақшасының 11-сынып оқушысы Нарғыз Рахметуллина биология пәнінен  халықаралық конкурсқа қатысып, өз білімін шыңдады. 

«Жас ғалым» халықаралық конкурсының нәтижесі бойынша Рахметуллина Нарғыз білім грантының иегері атанды.