Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне ( Риддер қаласының маңында) екі адам шаңғы тебу үшін 1 наурызда Кеңсай -аспалы ескі жолына шығып, қар көшкінінің астында қалды деген ақпарат 3 наурызда 15 сағат 30 минутта келіп түсті.
"Құтқару іздестіру шаралары нәтижесінде 5 наурызда 8 сағат 30 минутта және 9 сағат 52 минутта екі адамның мәйіті табылды. Іздестіру жұмыстарына ҚР ТЖМ "Қазселқорғау" және "ВРАОСО" МБ қызметтерінің сегіз адамы және бір техникасы жұмылдырылды.