ШҚО тасқыннан зардап шеккен Алтай тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді

деп хабарлады бейсенбіде өлке әкімшілігінің баспасөз орталығынан.

Ақпаратқа қарағанда, "Камаз" бен "Вольволар" колоннасы Барнаулға бейсенбіде күндіз жетпек.

"Соңғы 45 жыл ішіндегі ең қатты болған сел салдарынан зардап шеккен Алтай өлкесінің тұрғындарына көмекті Шығыс Қазақстан облысының шекарадағы Бородулиха, Шемонаиха, Зыряновск және Бесқарағай аудандары жіберіп отыр. Алтайға жылы киімдер, резина етік, азық-түліктен өсімдік майы, ұн, макарон өнімдері жолданды", делінген хабарламада.

Көрші екі аймақ көптен бері достық-қарым қатынаста. Биыл сәуір айында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған үлкен делегация Алтай өлкесіне жұмыс бабындағы сапармен барып қайтқан.


Алтай өлкесінде жеті аудан мен Барнаул және Бийск қалаларында әлі де 4 мың 397 тұрғын үй мен 5 мың 233 қораға су жайылып отыр. Туысқандарына және уақытша пункттерге 12 мың 817 адам орналастырылған.

Халыққа көмек көрсету үшін ТЖМ тарапынан 958 адам қатысып отыр, техниканың 167 бірлігі пайдаланылуда.