ШҚО тауларында 200 гектар аумақтағы өрт ауыздықталды


Күршім өзенінің Үшбұлақ ауылы маңындағы аумағында құрғақ шөп жалынға оранды. Оны ұшақпен аймақты шолу кезінде көріп қалған. Өрт туралы хабар «Қазавиаорманкүзеті» РМКК диспетчеріне 11 мамырда сағат 16.00 келіп түсті. 

Орман шаруашылығы, «Қазавиаорманкүзеті» және жергілікті атқарушы органдарының 35 қызметкері тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылдырылды. 12 мамырда таңертең өрт сөндірілді,  деп хабарлады ТЖ департаментінен.