ШҚО түнгі дауылдан зардап шекті

Төтенше жағдай хабарламасына сәйкес өңірде бір күнде 60 мм ылғал түскен. Жауын салдарынан жеке аулаларды су басып, ағаштар құлап, көліктер зардап шекті. Өскеменнің қала әкімдігінде жедел штаб құрылды. Төтенше жағдай бойынша кезектен тыс комиссия отырысы өтті.

Жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдай департаменті, коммуналдық, жол қызметтерінің күштері су басқан аймақтардан, жолдан су ағызу жұмыстарын жүргізуде, көшелерде құлаған ағаштар мен сынықтарынан тазалап, ағаш астында қалған көліктерді босатуда.

Жұмыс әлі де жалғасуда. Жағдай жедел штабтың бақылауында.