ШҚО тұрғындары жолда жүрген аюды видеоға түсіріп алды

Бұл туралы caravan.kz медиа-порталы Tik-Tok желісіндегі Oskemenlive-парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеода қоңыр аю қар басқан жолмен кетіп бара жатқаны және оны түсіріп келе жатқан көліктен мүлде үркімегені көрсетілген.

Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірінше, жануар көмекке мұқтаж, өйткені бұл уақытта аю қысқы ұйқыға жатуы керек екен.