ШҚО: Жарма ауданына жаңа әкім тағайындалды

Активке ауданның жаңа басшысын таныстырған облыс әкімі Даниал Ахметов өнеркәсіпті білетін адам таңдалғанын атап өтті. Мамандығы бойынша ол инженер, өмірлік тәжірибесі мол.

Нұрлан Сыдықов 1958 жылы ШҚО Абай ауданында туған.

Білімі  жоғары, Алматы қаласының Қазақ политехникалық институтын 1980 жылы тау-кен инженері мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Алтайзолото» кен-байыту комбинатында тау-кен инженері қызметінен бастады.
Он бір жыл қызмет атқарып, Нұрлан Бәтташұлы тау-кен  шеберінен  шахта басшысына дейін өсті.

2011 жылға дейін жеке секторда түрлі қызметте болған.


2011 жылдың тамызынан «Ертіс» ӘПК ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болды. 2013 жылдың маусымында Бесқарағай ауданының әкімі болып тағайындалды.

Жарма ауданының бұрынғы әкімі Әнуарбек Мұхтарханов ағымдағы жылдың қыркүйегінде ШҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды.