ШҚО жүзеге асырылатын "серпінді" жобалар жаңа 10 мың жұмыс орнын қамтамасыз етеді

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, облыста $6,7 млрд сомасындағы 44 "серпінді" жобалар анықталды. "Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы жергілікті бюджеттің табыс көлемін 15 % өсіп, аймақтың жалпы өнімі 2,7 есе ұлғаяды. Сондай-ақ, 10 мың жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етеді ", - деп атап өтті ШҚО әкімі Жәнібек Кәрібжанов.

Ол хабарлағанындай, бүгінгі күні екі жоба толық іске асырылды. Тағы да екеуінің бірінші кезеңі аяқталып, 12 жоба қолға алынуда. "Жобаны жүзеге асыру үшін 87,9 млрд теңге инвестиция салынды. "Серпінді " жобалар тізіміне кіргізілген басқа жобалар бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Оның техникалық -экономикалық негіздемелері, жобалық-сметалық құжаты, қаржыландыру мәселелері талқылануда", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.