ШҚО жыл басынан бері 60 өрт шығып, одан 9 адам қаза болды

"Құтқарушылар дабыл бойынша 50 шақыруға аттанды. Өрт ұшқынының жайылуына, адамдардың селқостығы мен абайсыздығы себеп болған", - деп құлағдар етті ШҚО ҚСД баспасөз қызметінде.

"Глубокое ауданында көмір қышқыл газынан 4 адам уланып, қайтыс болды. Риддер, Семей қалалары мен Шемонаиха ауданында 3 адам қатты күйікке шалдығып, көз жұмды. Ал Өскемен қаласында өрт сөндірушілер екі адамды жылу желісінің құдығынан тапты ", - деді баспасөз қызметіндегілер.

"Зардап шеккендер арасында бір адамды құтқарып алуға мүмкіндік туды. "Медициналық жедел жәрдем қызметі" қол буынының 3 дәрежелі күйігіне шалдыққан адамды ауруханаға жеткізді", - деп атап өтті мамандар.