ШҚО-да 1 аптада қысқа дайындалған 200 тоннадан аса шөп өртенді


Жаз бойы далада бел жазбай, мал азығын қамдаған ел әп-сәтте тақырға отырды. Мынау Семей шетіндегі Жарқын ауылындағы тұрғындардың бірінің маясы. Қысқа қамдаған 12 тонна шөп көзді ашып-жұмғанша күлге айналды. Орнын толтыру үшін ораққа ілінер шөп те жоқ қазір. Ал тоннасы 25 мың теңгеден саудаланды. Қызыл жалын қорадан да түк қалдырмады. Көп жағдайда өрт адамдардың абайсыздығынан немесе көре алмайтын көршілердің қасақана от қоюынан шығады.