ШҚО-да 13 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр

Портал мәліметі бойынша, 13 жастағы Марина Кнельц 18 маусымда Черемшанка ауылындағы үйден шығып, қайта оралмаған. Жоғалған күні қыз: сұр шалбар, Adidas жазуы бар қара көк сырт киім және көк аяқ киімде болған. Қыздың ерекше белгілері: бойы - 155-160 сантиметр, қоңыр шашты, дене бітімі арықша келген.

Жасөспірім туралы кез келген ақпарат білетін болсаңыз 8-771-466-54-38 немесе 102 нөмірі бойынша хабарласып айта аласыз.