ШҚО-да 2 балдық жер сілкінісі болды

Оның ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 716  шақырым жерде Шығыс Қазақстан аймағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,5, магнитудасы - 4,8. Тереңдігі - 15 шақырым.

Жер асты дүмпуі Өскемен мен Күршімде (2 балл), Зайсанда (2 балл) сезілді.