ШҚО-да әйел күйеуін қасқырдан құтқарып қалды

Құтқарушылардың деректеріне сүйенсек, жыртқыш Желдіқара учаскесінде таңертең ерте жергілікті тұрғындардың біріне бас салып, оны талай бастайды. Артынша ол жақындап қалған екінші адамды байқап қалып, оған қарсы ұмтылады, деп хабарлады YK-news.kz.

 «Тұрғын ызалы жыртқыштан қашып, үйіне кіріп кетуге тырысқан, алайда кіреберісте қасқыр оны қуып жетіп, оны бас салған, - дейді қосты Аякөз аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен. - Үй иесі ерінің айғайлаған дауысын естіп, асхана пышағын ала шығып, көмекке ұмтылады. Ол жыртқышты қуып жетіп, пышақпен жарып өлтірді».

Зардап шеккендер орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Ер адамға құтырмаға қарсы вакцина егілді. Олардың өміріне еш қауіп жоқ.