Ашылу салтанатына Тұңғыш Президент мұражайының директоры Алма Сағынғали және ҚР мемлекеттік қайраткері Сиязбек Мұқашев қатысты.
Орталықта Қазақстан Президентінің 200-ге жуық кітабы таныстырылды.
Орталықтың ашылу құрметіне Президенттің жеке заттары, оның Мәскеуде қорғаған докторлық диссертациясының көшірмесі, Нұрсұлтан Назарбаев ұлықтау күнінде киген киімі қойылған «Тарихи таңдау» көрмесінің тұсауы кесілді.
"Бұл орталық аймақтың ғылыми қайраткерлеріне, студенттер және жоғары оқу орындарының оқытушыларына өздерінің ғылыми зерттеулерін әзірлеуге, конференциялар, дөңгелек үстел жиындарын және семинарлар өткізуге мүмкіндік береді. Орталықтың басты мақсаттарының бірі мемлекеттік билікті және білім беру, мәдениет және әлеуметтік сала мекемелерін, азаматтық қоғам институттарын қамтамасыз ету болып табылады" - дейді орталық басшысы Арайлым Темірбекова.