ШҚО-да ауада қалқып тұрған субұрқақ пайда болды


Мектеп директоры Мәуілхан Нұрғазиннің сөзіне қарағанда, мұндай субұрқақты орнатуды ол бұрыннан армандап жүрген. Оны ол ғаламтордан көрген көрінеді.

Аталған субұрқақты көруге өзге ауылдардан да келетіндер бар екен.

Атап өту керек, мұндай фонтандар Испания, Бельгия, АҚШ пен Ұлыбританияның бірнеше қалаларында бар. Оның құпиясы қарапайым: ауада ілініп тұрған кранның астында мөлдір су өткізгіш құбыр бар.