ШҚО-да ауыл көшесіне көпбалалы ананың есімі берілді

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстағы Ертіс ауылдық округінің әкімдігі Комсомол көшесі атауының өзгергенін жеткізді. Енді көше Нұрғаным Құсайынова есімімен аталады.

"Нұрғаным Бағыбайқызы - көп балалы ана, ол алты баланы тәрбиелеп отыр. Құсайыновтар отбасының барлық балалары округтің қоғамдық өміріне белсене қатысады", — деп түсіндірді әкімдік.