ШҚО-да балаларға қауіп төндіретін "Барби" қуыршақтарын сатылымнан алып тастады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Санэпидбақылау департаменті 3 419 сынаманың,  2 100-ін  азық-түлік тауарларына және 1 319 сынаманы халық тұтынатын өнімдерге тексеріп көрді.

Тексерілген тауарлардың негізгі бөлігі соның ішінде 20,7% (709 сынама) ЕАЭО-ға мүше елдерде жасалынған. Алыс және жақын шетелдерде - 53% (1 809 сынама) және отандық өндірушілерде - 26,3% (901 сынама) өндірілген.

Сатушылар мен жеткізушілерге, импорттаушылар мен өндірушілерге 2 377 355 теңгеге (5,5 мың доллардан астам) айыппұл салынды. Нәтижесінде 166,2 килограмм қауіпті өнім айналымнан алынды. 

Басты қателік – өнімді таңбалау барысында атауы мен мекен-жайы, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, өнімнің салмағы, азық-түлік және энергетикалық құндылығы туралы ақпарат пен мемлекеттік тілдегі ақпараттың және КО (ЕАС) мүше мемлекеттер нарығындағы айналымның бірыңғай белгісінің болмауы.

Балалар ойыншықтарын  зерттеу барысында таңбалаудың бұзылғанs6 фенол және формальдегид сияқты қауіпті заттардың бір жарым-екі есе көп болғандығы анықталды. Бұл балалардың улануына әкеліп соғады. Сонымен қатар Donqshenq toys пен Қытайдан шығарылған тағы бірнеше ойыншықтың жарамдылық мерзімі өткен. Тіпті “Барби” қуыршағының өзі физикалық қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Себебі оның өткір жиектері ойын барысында балаларды жарақаттауы мүмкін. 


Тұтынушылар тауар алуда қателеспес үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтыннан талаптарға сәйкес келмейтін өнімдердің тізімін көре алады. Сондай-ақ, бұл тізіммен “Wipon” қосымшасында танысуға болады.