ШҚО-да екі тәулік бойы жазық дала отқа орануда


Жалын 500 гектар аумақты шарпыды. Оқиға орнында 130 өрт сөндіруші жұмыс жасауда. Тілсіз жауды ауыздықтауға 18 арнайы техника жұмылдырылды. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.