Мамыр айына дейін әлеуетті инвесторлар үшін тартымды туристік орындар анықталды. Тамызға дейін инвесторлар үшін ұсыныстар құрылады, деп хабарлады ШҚО утризм және сыртқы байланыстар басқармасына сілтемемен ақпараттық орталықтан.
Басқарма басшысы Жасұлан Сәрсебаевтың мәліметтерінше, бұл жұмыс «Ұлт жоспары - 100 нақты қадамның» туристік кластердерді құруда табысты тәжірибесі бар стратегиялық инвесторларды тартуға бағытталған 57-ші қадамын іске асыру аясында өтіп жатыр.
Форум кезінде әлеуетті инвесторларға аймақтың туризм саласындағы болашағы зор жобалар ұсынылады. Сондай-ақ, туристік кластерлерді құруда тәжірибесі мол ірі инветсорларды ШҚО-ның ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесімен ынтымақтастық аясында іздеу шамаланып отыр. Еуропалық инвесторларды тарту мүддесі үшін ШҚО делегациясының Цюрих қаласына жасаған сапары кезінде швейцариялық «Фоглер Траст» компаниясымен меморандум орнатылды.
Атап өтілгендей, туристер ағынын тарту мақсатында Шығыс Қазақстан туристік пакеттерінің онлайн сатылымы бойынша арнайы порталды, сондай-ақ туристер арасында ШҚО тур бағыттарын ұсыну бойынша көп қызмет көрсететін промо-кешендерді іске қосу жоспарланған.