ШҚО-да көлемі жұмыртқадай бұршақ жауды


Шығыс Қазақстан облысы Зубов кентінің тұрғындары көлемі бөдене жұмыртқасымен бірдей бұршақты видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz порталына сілтеме жасап.

Жауыннан кейін бақшадағы жеміс-жидектер толығымен бүлінді, тұрғындар оларды жауып үлгермеген. "Көлігімді гаражға кіргізгенім сол еді, бұршақ аралас жауын басталып кетті", - дейді ауыл тұрғыны Алла. Бұған дейін синоптиктер ШҚО-да бұршақ жаууы мүмкін екенін ескерткен.