ШҚО-да күннің күрт жылынуы салдарынан таудағы қауіптілік артты

Өңірде қардың көп жаууы мен ауа температурасының күрт жылынуы қолайсыз жағдайлар тудырды. Жуырда ведомство мамандары үш профилактикалық жарылыспен таудан шамамен 12 мың текше метр қарды «Өскемен-Зырянов» тас жолының бойына түсірді. Бұл трасса бірнеше сағатқа жабылды.

Жаңа ғана ТЖД хабарлағандай, барлық бағыттар бойынша жолдар ашылды. Синоптиктер өңірдің барлық аумағында қар жауып, күн жылып, жел күшейеді деп отыр. Бүгінде «нөлдік» ауа температурасы күтілуде.