Ет, сүт, жұмыртқа және көкөніспен қамтамасыз етуге аса зор көңіл бөлінді. Шығыс Қазақстан облысында 9 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жетеуі бойынша қамтамасыз етушілік 100 және одан да жоғары пайыздарды құрайды.
Аймақтық ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі Дүйсембай Селихановтың ақпараты бойынша, биылғы жылы ет өнімімен қамтамасыз ету 203 пайызды құрамақ. 67 мың тұтыну қажеттілігінің өзінде 135,8 мың тонна өндіріледі. 1 адамның тұтыну нормасы жылына 48 келіні құрайды.
«Облыста жүзеге асырылып жатқан «Жайлау», «Сыбаға», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары ет өндіру саласын дамытуға септігін тигізеді. Сол себепті халықты қамтамасыз етуді арттыру бойынша әлі де толықтай қамтылмаған өңірлерде оны 100 пайызға дейін жеткізу жұмыстарын жүргізу керек. Ол үшін резервтер: жер, кадрлар, малдар, өндіріс ғимараттары бар», - деп атап өтті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Ауа райына байланысты егін орағының кеш басталғанына қарамастан, облыс бидаймен 131 пайызға қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге жарма, көкөністермен, өсімдік майымен қамтамасыз етілген.
Аймақтың 79 пайызы жұмыртқамен қамтамасыз етілген. Аймақ басшысы әр ауданға қанша шағын несие бөлінгенін және сол сомадан қаншасы шағын құс фермаларын ашуға жұмсалғанын сараптауға тапсырма берді.
Сонымен бірге ол әкімдіктерге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен келісімшарттар жасасу қажеттігін айтты, бұл Өскемен қаласының сауда нүктелеріне аталмыш өнімдерді делдалсыз жеткізуге жол ашпақ.