ШҚО-да пара алған әкім айыппұлмен құтылды

Жергілікті кәсіпкер жарнамалық баннер ілмек болып, әкімнің көмегіне жүгініпті. Алайда бұл өтінішті жедел орындау үшін шенеунік ақша сұраған. Көп ойланбастан кәсіпкер тәртіп сақшыларына шағымданды. Осылайша әкімнің қолына кісен дәл жұмыс орнында салынды. Істі қараған сот шенеунікті абақтыға қамаған жоқ. Тек алған парасын 50 есе қайтару туралы үкім шығарды. 4 жарым млн. теңге айыппұлмен қоса, құлқыны кең әкім мемлекеттік қызметке өмір бойы жолай алмайды. Ал әкімді ұстап берген кәсіпкер қомақты сыйақы алатын болды

Loading...