ШҚО-да полицейлер тұрғындарға малына GPS тағып қоюға кеңес берді

Ал қолды болған малды бірден Қарағанды облысындағы сыбайласына өткізіп келіпті. Олар аз уақыт ішінде 20-дан аса сиырмен жылқыдан 5 млн теңге пайда тапқан. Қазір олар қамауға алынып, іс тергелуде. Ал полицейлер мал иелеріне ерекше кеңес беріп отыр. Себебі жоғалған сиыр-жылқылар көбіне еркін жайылымда жүреді. Сондықтан малға GPS -навигатор тағып, үйден шықпай-ақ төрт түлігін бақылап отырса болады дейді тәртіп сақшылары.

Асхат Тықанов, Семей қалалық ІІБ жедел уәкілі:

- Шаруалардың көбі бақташы ұстамайды. Солай үнемдегісі келеді. Ал GPS-ті қолдану арзан болмаса да, тиімділігі жоғары. Малының нақты қай жерде жүргенін біліп отырады. Егер сақтық танытпаса, барымташылық тыйылмайды.

Loading...