Дәулет Тұрлыханов, грек-рим күресінен әлем чемпионы:
- Бұл палуандардың ішінде самбо, дзюдо, басқа да елдердегі ұлттық спорт түрлерінің палуандары бар. Барлығы осы қазақ күресінің ережелерін біліп, оны үйреніп, жақсы әдіс-айла қолданып, жанкүйерлер көңілінен шығып жатыр. Қазақстан деген ел бар екен, қазақ деген жұрт бар екенін үйлеріне қайтқан кезде айтып барады. Одан бізге еш зиян жоқ, қайта Қазақстанымыздың мәртебесі артып жатады.