ШҚО мобилизациялық дайындық бойынша басқармасының хабарлауынша, 21 қаңтарда Аягөз ауылының үш тұрғыны өздерінің УАЗ көлігімен Ақтоғай стансасына қарай бет алған. Белгісіз себептермен олар тиісті орынға жетпеген. Бір тәуліктен кейін жолаушылардың бірі құтқару қызметіне хабарласып, көліктерінің қар құрсауында қалғанын және олар қай жерде тұрғанын білмейтінін хабарлаған.
Құтқарушылар іздеу шараларын ұйымдастыруда. Алайда әзірге бұдан еш нәтиже шықпады.