ШҚО-да қытайлық азамат түрмеден қашуға әрекеттенді

 Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқиға түнгі 02. 00-де болған.

ШҚО түзеу мекемелерінің бірінде 1,5 жыл мерзімге сотталған Қытай азаматы айлалы тәсілмен қашып кетуге әрекеттенді. Алайда ауысымдағы мекеме бастығының кезекші көмекшісі әділет майоры Б. Сәденов пен 6699 ә/б 2-ші атқыштар батальонының қатардағы сарбазы Е. Айтуғановтың  қырағылығы арқасында оның айласы жүзеге асқан жоқ, делінген хабарламада.

Сотталушы тыйым салынған аумақта негізгі қоршаудан өтпекші болған кезінде ұсталды.