Юбилейно-Снегирихинская шахтасында 3 мамыр күні бекіту жұмыстарын жүргізу кезінде тау массасының бір кесегі құлады. Салдарынан 3 тау-кен жұмысшысы үйінді астында қалды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
1975 жылы туған жұмысшы оқиға орнында жан тапсырды. ТЖ-ны жоюға Шығыс Қазақстан облысының ТЖД 2 техникасы мен жеке құрамның 2 адамы, Ертіс әскери таудан құтқару жасағының 15 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.