ШҚО-да Шыңжяңдағы орыс қауымдастығының тарихы туралы кітап шықты

«Алғаш рет ғылыми монография тақырыбы – Шыңжяңдағы орыс қауымдастығының тарихы болды», - дейді В. Обухов.

Автордың айтуынша, бұрындары мәскеулік баспаларда «Алты империяның шайқасы. Шыңжяң үшін соғыс» (2007 ж) («Схватка шести империй. Битва за Синьцзян») және «Берия үшін уран. Шығыс Түркстан Кремлдің атом жобасында» (2010 ж) («Уран для Берии. Восточный Туркестан в Атомном проекте Кремля») атты оның кітаптары шыққан.

Кітапты дайындау барысында тарихшы 1949-шы жылы Қытайдағы азамат соғысының ардагерлерімен, Қазақстанда тұратын олардың ұрпақтарымен кездесіп, Алматы, Астана, Новосібір, Барнауыл, Зыряновск мұрағаттарына жүгініпті.

1 мың даналық барлық тираж тегін Қазақстан және Ресейдің оқу орындарына, кітапханаларға, мәдени орталықтарына таратылып беріледі.

Басылым «Русский мир» атты қордың гранттық бағдарламасының арқасында мүмкін болды. В. Обуховтың айтуынша, Мәскеуде орналасқан қор Ресейден тыс жерлерде тұратын орыс қауымдастығын, сондай-ақ төлқұжатымен ғана орыс емес, бірақ орысша ойлайтындардың барлығын қолдайды.