ШҚО-да табиғат тосын мінез көрсетті


Ауа райының тосын мінезін жұрт күтпесе керек, жұқа киіммен көшеге шығып абдырап қалды. Таңертең толассыз жауған жаңбыр арты кенет қарға ұласты. Шұғыл әрекет ету қызметі тұрғындарды сақ болуға шақырып, ескерту жасауда. Күрт құбылған ауа-райынан әсіресе бақша салған шаруалар зардап шегетін түрі бар. Себебі жеміс-жидек атаулы бүр жарып үлгерген. Ал синоптиктер, қыстың соңғы демі тағы бір екі күн білінеді деп отыр. -5 градусқа дейін сынап бағанасы төмендеуі мүмкін.