ШҚО-да «Gazelle SA-341» жекеменшік ұшағы апатқа ұшыраған жердің фотосы пайда болды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.
Еске салсақ, 25 ақпанда кешке тікұшақ ұшқышы байланысқа шықпады. 26 ақпанда таңертең оны іздеуге Семей қаласынан МИ-17 әскери тікұшағы, облыс орталығынан МИ-8, Алматы облысынан жеке компанияның МИ-2 тікұшағы шықты.
ШҚО ТЖД дағдарыс орталығында және Аягөз ауданында жедел штаб құрылды.
«Қазаэронавигация» ақпаратына сәйкес жоғалған тікұшақ Аягөз қаласының солтүстік бастысына қарай 60 шақырым жерден табылды.
Олардың айтуынша, тікұшақ пилоты қайтыс болған. Бір жолаушы тірі, оны Айғыз ауылына жеткізді.
27 ақпанда тергеу жедел тобы мен құтқарушылар 47 жастағы ұшқыш - Петр Устиновтың денесін тапты.