ШҚО-да төрт қар көшкіні жолдың жабылуына себеп болды

Жолдың 14 және 16 шақырымында болған көлемі  130 текше метр, 400 текше метр, 270 текше метр, және 540 текше метр көшкіндер жолды толық жауып тастады. 

Сағат 23:50 Коробихин ауылдық округінің 2 адамы мен 1 техникасының көмегімен жол тазартылды. Қауіпті аумаққа кірер жерде  полиция бекеттері қойылды.

Жапа шеккендер жоқ.


ШҚО ТЖД хабарлағандай, жұма 25 наурызда Өскемен-Самарское трассасында  95 - 102 км жерінде қар көшкіндері түсіріледі.