ШҚО-да түтеген бораннан бірқатар бағыттағы жолдар жабылды


Ақтүтекте жолда қалып қойғандар да бар. Өткен тәулік ішінде қар құрсауында қалған автобустар мен жеңіл көліктегі жолаушылар құтқарылған. Қазір Өскеменнен-Зырян, Қатон-Қарағай аудандары және Риддер қаласы бағыттарына шығатын жолдар жабық. Өңірдің төтенше жағдай департаментіндегілер аталған бағыттарда жүк көліктері мен жолаушылар автобустарының қозғалысына тыйым салып отыр.